04.11.2022, 13:26
Оқиғалар
Ақтөбеде заңгер алаяққа алданып қалған
Ол 1 млн теңгесінен айырылды
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облысы Темір ауданындағы мекемелердің бірінің заңгеріне белгісіз адам қоңырау шалып, өзін тұтынушылардың құқықтарын қорғау ұйымының қызметкері ретінде таныстырған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Қоңырау соғушы оның атына алаяқтар бір млн теңгеден астам несие рәсімдеп жатқанын және шоттарды қорғау үшін қоңырау шалушы ұсынған қауіпсіз шотқа ақша аудару қажет екенін айтқан.
Күдікті жас жігіт қоңырау шалушының нұсқауларын орындап, бір млн теңгеден астам қаражатынан айырылған. Осы факті бойынша күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Көп оқылған
16.10.2026, 10:11
«Бес айлық сәбиді өлтірген»: бір қылмыскерді ұстау үшін Қызылорданың пост-бекеттеріндегі бақылау күшейді
16.10.2026, 12:13
Таиландтан екі чемоданмен есірткі тасыған: Астанада 2006 жылғы қыз бала 16 жылға сотталды
16.10.2026, 14:48
Ақтауда балабақша қызметкерінің туберкулезден қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды