Астана тұрғынын скотчпен байлап, тонап кеткен күдікті ұсталды

Azattyq Rýhy

Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

Астана тұрғынын скотчпен байлап, тонап кеткен күдікті ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Елорда тұрғынын скотчпен байлап, тонап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға арызбен 19 жастағы астаналық тұрғын жүгінген. Жәбірленушінің айтуынша, ол пәтерін жөндеу үшін құрылысшы жалдаған. Алайда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін тапсырыс беруші құрылысшыға ақысын бермеген.

«Төлемін ала алмаған жұмысшы агрессивті түрде әрекет еткен. Жігітті қорқытып, оны скотчпен байлап, IРhone 12 Pro Max ұялы телефонын және банк картасын алып кеткен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер 41 жастағы күдіктіні ұстады. Ол ұрланған телефонды ломбардқа өткізіп үлгерген”, - делінген хабарламада.

Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталған адам бұрын елорда аумағында ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды.   

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.