$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.10.2022, 10:49
Оқиғалар

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүк көлігінің жүргізушілері қаза тапты

Қайғылы жол-көлік апаты 9 қазанда сағат 13.00 шамасында болған

 

Ақтөбе облысында жол апатынан екі жүк көлігінің жүргізушілері қаза тапты
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Ақтөбе облысында екі жүк көлігі соғылып, екі көліктің де жүргізушілері қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы жол-көлік апаты 9 қазанда сағат 13.00 шамасында Ақтөбе – Орынбор автожолының 67-шақырымында болған.

«Shacman автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Мәртөк ауданынан Ақтөбе қаласына келе жатып, рөлді басқара алмай, қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Артынша қаланың 35 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Shacman автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі кезде аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары