$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыда жеті айда болған 170 жол апатына автобус жүргізушілері кінәлі

Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған

Алматыда жеті айда болған 170 жол апатына автобус жүргізушілері кінәлі

Алматыда жыл басынан бері автобус жүргізушілерінің кесірінен 170 жол апаты болған. Соның салдарынан 3 адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

«Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында жолаушылар тасымалымен айналысатын автокөлік кәсіпорындарына, қаланың жол жағдайында автобустардың техникалық жағдайына, дұрыс жұмыс істеуіне мұқият тексеру ұйымдастырылды.

«Осылайша, біз көлік құралында жолаушылар мен жүкті тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін жақсартуды, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану деректерінің алдын алуды, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесуді көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік органдардың да, азаматтық альянстың өкілдері де барынша жұмылдырылған», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Болатбек Баятанов.

Полицейлер қабылданған шараларға қарамастан, қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, жол-көлік оқиғаларына жол беріп жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар қоғамдық көлікте жолаушылардың құлауы өте жиі кездеседі, ол негізінен шұғыл тежеу немесе керісінше, күрт қозғалу салдарынан болып жатады. 2021 жылы 328 жолаушы автобустың ішінде құлағаннан зардап шеккен.

Серіктес жаңалықтары