ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 999 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте екі көлік соқтығысып, жолаушы қыз ауыр жарақат алды (ФОТО)

Оның жағдайы орташа ауыр

Шымкентте Қонаев көшесінің бойында Lada Granta маркалы екі автокөлік соқтығысып, салдарынан жас қыз басынан ауыр жарақат алды деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

Оқиға бүгін сағат 11:00 шамасында болған. Соқтығысқан екі көліктің де маркасы – Lada Granta. Автокөліктердің бірі Қонаев көшесімен келе жатып, қиылыстан солға бұрылмақ болған. Сол сәтте қарсы бағытта келе жатқан екіншісі оны бүйірінен соғып, жолдың жиегіне шығарып жіберген. Ал, өзі сол маңайда тұрған ауыр техниканың астына кіріп кеткен.

«Мен бұрылғалы жатқан сәтте бағдаршамның жасыл түсі жанып тұрған. Бір қарағанымда әлгі көлік алыста келе жатқандай көрінді. Бұрылып үлгеремін деп ойладым. Бірақ, үлгере алмадым, қатты келе жатыр екен, бүйірден соғып, ұшырып жіберді жол жиегіне», - дейді «Lada Granta» автокөлігінің жүргізушісі.

Сол маңда жүрген куәгерлердің айтуынша, жол жиегінде жатқан ақшыл түсті «Lada Granta» автокөлігінің артқы орындығында жолаушы қыз отырған екен. Күшті соққының салдарынан ол көліктен ұшып кетіп, жолға баспен түскен. Жарақаттанған қызды жедел жәрдем көлігі ауруханаға алып кетіпті. Ал, көкірек тұсынан қатты соққы алған жүргізуші дәрігерлердің емін қабылдаудан бас тартқан. Ол үйіне жіберілді.

«Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 1997 жылы туған қыз қаладағы №1 аурухананың қабылдау бөліміне келіп түсті. Диагнозы – жабық бас ми жарақаты, бас миының шайқалуы. Самай аймағында қан ұйып қалған. Науқасқа алғашқы көмек көрсетілді. Тексерулерден өтіп, ол нейрохирургия орталығына жатқызылды. Жағдайы орташа ауыр», - дейді Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқрамасының баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда полицейлер жол көлік оқиғасының мән-жайын анықтап, кінәліні анықтап жатыр. Сараптама тағайындалған. Тексеру қорытындысынан кейін іске нүктені сот қояды.