Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді

Azattyq Rýhy

Көліктен зардап шеккендерді алып шығу үшін арнайы техниканы қолданылды

Алматыда жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам ауруханаға жеткізілді
Фото: zakon.kz

Алматыда жантүршігерлік жол апатынан бір адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry Gracia көлігі әл-Фараби даңғылының бойында шеткі оң жақ жолақпен батысқа қарай келе жатқан. Жол тарыла бастайтын Esentai Mall-дың тұсынан өтіп бара жатып, Toyota көлігі Chevrolet Tracker көлігін соққан. Содан соң қатты екпінмен жолдан шығып кетіп, арыққа құлап, артынша сол екпінмен билборд тірегіне соғылған.

«Апат салдарынан бір жолаушы қаза тапты. Тағы үш жолаушы мен жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді», - делінген ақпаратта.

Апатқа ұшыраған көліктен зардап шеккендерді алып шығу үшін Алматы қаласының құтқару қызметі арнайы техниканы қолдануға мәжбүр болды.

Оқиға орнында екі бағытта да үлкен кептеліс болды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.