$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.05.2022, 14:20
Оқиғалар

Қызылордада он жыл бұрын фирмадан 74,5 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған күдікті ұсталды

2014 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті Ақмола облысында ұсталды

Қызылордада он жыл бұрын фирмадан 74,5 млн теңгеден астам қаражат ұрлаған күдікті ұсталды
Фото: Polisia.kz

Қызылордалық полицейлер 10 жыл бұрын фирмадан 74,5 млн теңгеден астам қаражат ұрланған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz. 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері 2014 жылдан бері іздеуде жүрген қылмыскерді қолға түсірді. 

56 жастағы Қостанай облысының тұрғыны адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, бас шарасы “қамауға алу” бұлтартпау шарасы қолданылып, іздеу жарияланған. Бұл оқиға бойынша арнайы іздестіру ісі арналып, тиісті шаралар жүргізілді. 

Белгілі болғандай, 2012 жылдың ақпан айында күдікті сыбайласымен бірге жалған келісімшарт негізінде Қызылорда қаласындағы фирмалардың бірінен 74 580 940 теңге көлемінде ақшаны банк арқылы есепшотына аударып, жымқырып кеткен. 

Іздестіру шараларының нәтижесінде, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен іздеуде жүрген қылмыскер Ақмола облысында ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласында қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары