$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.04.2022, 13:38
Оқиғалар

Павлодар облысында табын жылқыны айдап бара жатқан топ қолға түсті

Жылқылардың Шығыс Қазақстан облысының тұрғынына тиесілі екендігі анықталды

Павлодар облысында табын жылқыны айдап бара жатқан топ қолға түсті
Фото: Inform.kz

Павлодар облысында табын жылқыны айдап бара жатқан топ қолға түсті, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 сәуір күні арнайы операция жүргізу барысында жедел қызметкерлер Қазақстан Республикасы ІІМ қызметкерлерімен бірлесіп,  төрт қатысушыдан тұратын топты ұстаған. 

"Қылмыстық топ 40 бас ұрланған жылқыны Павлодар облысы Май ауданының «Жақабай» мал жайылым учаскесінің маңынан айдап өтіп бара жатқанда  ұсталды. Топ қатысушылары Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып шықты. Сонымен қатар, олардың 2022 жылдың 13 сәуірінде ШҚО-ның басқа тұрғынына тиесілі 23 бас жылқы ұрлығына қатысы бар екені анықталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-1-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.  

Ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта олардың осындай басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Серіктес жаңалықтары