Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім елордадан табылды

Azattyq Rýhy

Бала отбасындағы жанжалдан кейін Бурабай ауданына кетіп қалған

Көкшетауда із-түзсіз жоғалып кеткен жасөспірім елордадан табылды
Фото: polisia.kz

Көкшетауда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірім елордадан табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

21 сәуірде Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан 20 сәуір сағат 23.00-де үйден кетіп, полицияға жүгінген сәтке дейін оралмаған 15 жастағы ұлын іздеуге көмек көрсету туралы өтініші келіп түсті. Әйел өз бетінше іздеу жүргізгенімен еш нәтиже шықпаған.

Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері мен еріктілер дереу жоғалған жасөспірімді іздеуге кіріскен. Оның мүмкін болатын барлық орындар, көшелер мен аулалар тексерілді, жасөспірімнің туыстары мен достары сұралды. Отбасындағы жанжалдан кейін бала бағыттас көліктермен Бурабай ауданына кеткені анықталды.

Щучинск қаласында жасөспірім кезектердің бірінде бір қызбен танысқан. Кездейсоқ танысы жанашырлық танытып, жасөспірімді үйіне шақырған және жаңбыр астында қалып су болған балаға құрғақ киім берген. Жасөспірім қыздан өзінің әпкелерімен телефон арқылы байланысуды сұраған.

«Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала Нұр-Сұлтан қаласында туыстарының үйінде және жақын арада облыс орталығына жеткізіледі. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, әке тәрбиесін көрмеген балалар жиі қауіпті жағдайларға тап болып жатады» деп хабарлады Көкшетау қалалық ПБ ювеналды полиция бөлімі.

Тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексіне сәйкес, бала тәрбиелеп отырған ата-аналар оның физикалық, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жауапты екенін еске салады.

«Ал неке бұзылған жағдайда, өз баласынан бөлек тұратын әке немесе ана оны тәрбиелеудегі жауапкершіліктен босатылмайды», - дейді полиция өкілдері.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.