07.04.2022, 12:18
Оқиғалар
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото: ашық дереккөзден
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты үш адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Polisia.kz.
6 сәуірде сағат 16.45-те Павлодар-Қызылорда автожолының 1279 шақырымында, Екібастұз қаласынан 20 км қашықтықта Chevrolet Cobalt көлігінің 32 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, куветке аударылып кетті.
"ЖКО салдарынан 56, 46, және 14 жастағы көлік жолаушылары алған жарақаттардан оқиға болған жерде көз жұмды. Көлік жүргізушісі мен 35 жастағы жолаушы жарақаттарымен ауруханаға түсті", – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияда атап өткендей, бұл фактіге сәйкес Қазақстан Республикасы ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
14.04.2026, 10:39
Бет-жүзін кескілеп, адам танымастай еткен: Ақтөбеде 22 жылға сотталған қылмыскер өзін ақтап алмақ болды
14.04.2026, 15:57
«Періштесі қақты»: Ақтөбеде ер адам жүк көліктерінің ортасынан өтіп, аман қалды (ВИДЕО)
14.04.2026, 09:27
Енді қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін ақылы негізде арасына 10 күн салып шексіз емтихан тапсыра алады