$ 537.34  623.05  6.65
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.03.2022, 21:12
Оқиғалар

Елордада ауа райына байланысты әуежай уақытша жабылды

Астанада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін дауылды ескерту жарияланды

Елордада ауа райына байланысты әуежай уақытша жабылды

Елордада күннің бұзылуына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов әуе айлағының қатты жел мен жолдың дұрыс көрінбеуі себебімен жабылғанын айтты.

«Жолаушыларға ұшулар, келулер, кідірістер туралы соңғы ақпаратты әуе айлақтарының ақпараттық қызметінде және авиакомпаниялардың байланыс орталықтарынан білуге болады. Еске салайық, елордада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін дауылды ескерту жарияланып, жел 260/20 м/с, екпіні 25 м/с, қалың қар жауады», - деді Әнуар Шалекенов.

Айта кетсек, елордада сағат 19:00-ден 23:00-ге дейін ауа райына байланысты ескерту жарияланып, желдің жылдамдығы 260/20 м/с дейін, ал екпіні 25 м/с дейін күшейіп, қалың қар жауады.

 
Серіктес жаңалықтары