$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.03.2022, 10:22
Оқиғалар

Түркістанда жоғалып кеткен тұрғынға халықаралық іздеу жарияланды

17 жастағы Назым Алдаш бір ай бұрын үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған

Түркістанда жоғалып кеткен тұрғынға халықаралық іздеу жарияланды

Түркістан облысында бір ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен келіншекке халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сауран аудандық полиция бөліміне арызданған тұрғын 22 ақпан күні 13:30 шамасында ауруханаға кеткен қызы Назым Алдаштың қайта оралмағанын көрсеткен.

Үйден шыққанда оның үстінде ашық қызғыш түсті күртеше, ақ түсті спорттық шалбар, аяғында қара түсті аяқ-киім болған.

Жас келіншектің жеке басы мен түр-тұлғасы бойынша мәліметтер суретімен бірге барлық аумаққа жолданған. Түркістандық полицейлер оның баруы мүмкін аймақтарды, әрбір орынды жіті тексеріп, іздеу жұмыстарын күшейтті. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары келіп түскен ақпараттар бойынша Жаңақорған ауданы, Тараз, Шымкент, Алматы қалаларына іссапармен шығып, іздестіруде. Сондай-ақ, халықаралық іздеу жарияланды. Бүгінде бұл жұмыстарға еріктілер де тартылып отыр.

«Назым Бағдатқызын аман-есен тауып, оны отбасына қайтару үшін танитын, не болмаса көрген-білген адамдар болса тез арада полицияға хабарласуларын сұраймыз. Арнайы белгілері: бойы 165-168 см, орта денелі, мойын тұсында қалы бар. Іздеу жарияланған келіншек туралы қандай да бір ақпарат болса, Сауран АПБ-ның кезекші бөліміне 8 725 33 5 86 50, 8 747 008 74 80 немесе полицияның 102 нөміріне хабарласыңыздар»,- делінген хабарламада.

 
Серіктес жаңалықтары