Павлодарда аулада тұрған қыз бен жігіттен есірткі алынды

Azattyq Rýhy

Күдіктілер Павлодар қаласының  уақытша ұстау изоляторына қамалды

Павлодарда аулада тұрған қыз бен жігіттен есірткі алынды

Павлодардың екі тұрғыны синтетикалық есірткіні өткізу және сақтау күдігімен ұсталды, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жедел уәкілдер арнайы іс-шаралар барысында Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйдің ауласында 32 жастағы ер адам мен 26 жастағы әйелді ұстаған. 

Тінту барысында ер адамнан рюкзактан ақ түсті ұнтақ зат салынған полиэтилен пакет табылып, тәркіленген. 

"Тұрғылықты жері бойынша тінту жүргізу кезінде  екеуінен өлшеп-орауға арналған заттар (флопиктер, электрондық сағаттар, изолента) алынды. Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат жалпы массасы 1,2  келіден асатын «@ - PVP» синтетикалық есірткі заты екені анықталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Скляр.

Күдіктілер Павлодар қаласының  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.