25.03.2022, 09:44
Оқиғалар
Ақмола облысында су мұнарасы құлап, бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды
Оқиға орнында арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Ақмола облысының Макинка ауылында қатты жел салдарынан су мұнарасы құлады, деп хабарлады Azattyq Rýhy «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.
Бір жарым мыңға жуық тұрғын сусыз қалды. Қазір су тасымалдау жұмыстары ұйымдастырылған. Сонымен қатар оқиға орнына арнайы мамандар келген. Олар мұнараның одан әрі пайдалануға жарамдылығын анықтайды.
"Макинка тұрғындарын сумен қамту туралы айтар болсақ, бүгін су таситын екі көлік жүрді жүрді. Халық тапсырысы бойынша су жеткізді. Таңертең де сол қарқынмен жұмысты жалғастырамыз. Мамандар нақты шешім шығаруы керек. Себебі егер астындағы іргетас қозғалса, онда мұнараны бұзып, жаңасын орнату қажет", - деді Макинка ауылының әкімі Жанат Көшкімбаев.
Көп оқылған
21.10.2026, 11:33
Маңғыстауда кәсіпкер жалған құжат жасап алып, шетелге танкерімен 45 млрд теңгенің мұнайын апарып сатқан (ВИДЕО)
21.10.2026, 09:33
«Ішерге су, жеуге тамақ жоқ отырған»: ШҚО-да полиция тарақандардың арасында өмір сүрген төрт баланы ата-анасынан алып кетті (ВИДЕО)
21.10.2026, 16:07
Келесі жылдан бастап Қазақстанда кімдерге АӘК төленбейді – үкімет тағы бір қаулы қабылдады
21.10.2026, 10:30
Астанада бес жігіт 238 печеньенің ішіне есірткі салып, оны қала тұрғындарына күні-түні сатқан (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды