30.11.2021, 23:49
Оқиғалар
«Су құбыры арқылы түспек болған»: Бесінші қабаттан құлап мерт болған бойжеткенге қатысты полиция пікір білдірді
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде
Фото ашық дереккөзден
Бүгін Қостанайда тұрғын үйдің бесінші қабатынан 23 жастағы бойжеткен құлап, мерт болды. Аталған қайғылы жағдайға байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Қостанай полиция басқармасының 102 нөміріне 30 қараша сағат 05.20 шамасында қоңырау түсті. Қазіргі мәлімет бойынша, 23 жастағы бойжеткен су құбыры арқылы бесінші қабаттан түспек болған. Алайда құлап кеткен. Жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған», - деді департаменттен.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Көп оқылған
07.09.2026, 12:47
Алматыда екі науқас жындыханадан қашып кеткен: оларды бірнеше айдан бері іздеп жатыр
07.09.2026, 16:10
Астананың қақ ортасында Porsche көлігінің жүргізушісі 197 км/сағ жылдамдықпен жүрді
07.09.2026, 13:17
Щучьедегі алапат жарылыс: 12 адамның қазасына кінәлі дәмхана иесі 7 жылға сотталды
07.09.2026, 14:37
Алматыда тауға шыққан қыз баланы құтқарушылар арқалап түсірді (ВИДЕО)