$ 502.83  545.37  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.11.2021, 15:04
Оқиғалар

Шымкентте 9-қабаттан секірмек болған бойжеткен құтқарылды

Бойжеткенге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Шымкенттік полицейлер 9-қабаттың терезесінен секірмек болған 24 жастағы қызды аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, 2021 жылдың 4 қарашасында түнгі сағат 00:30 шамасында 102 арнасына 9-қабаттың терезесінен секіргелі тұрған адамға көмек керек деген хабарлама келіп түскен.

«Тәртіп сақшылары хабарлама түсе салысымен бірден жақын маңдағы Патрульдік полиция полкінің 4-рота №821-автоэкипажын оқиға орнына жібереді. Қызмет барысында полиция лейтенанты А.Ибрагим мен полиция майоры Н.Қоспанов аталған мекенжайға бірден келіп, терезенің сыртында тұрған әйелді көреді. Полиция қызметкерлері бір сәтте ойланбастан батылдық танытып, жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде терезе сыртында тұрған қызды қауіпсіз жерге шығарып үлгереді», - делінген хабарламада.

Бойжеткенге түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өмірімен қош айтыспақ болған 24 жастағы әйел адам мән-жайды анықтау үшін Қаратау ауданы Полиция басқармасына жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары