Биыл елімізде 28 адамды пойыз қағып, мерт қылды
Күз басталысымен «Қазақстан темір жолы» АҚ алдын алу іс-шараларын күшейтті
Биыл сегіз ай ішінде 53 адамды пойыз қағып, 28 адам мерт болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұндай қайғылы жағдайларға көбіне зардап шеккендердің өздері кінәлі болып жатады. Бірі құлаққаппен музыка тыңдап келе жатып байқамай қалса, бірі масаң күйде, енді бірі өзіне қол жұмсамақ болады. Тақап қалған пойыздың алдынан өтіп үлгеремін дейтіндер де бар.
«Күз басталысымен «Қазақстан темір жолы» АҚ алдын алу іс-шараларын күшейтті. Теміржол станцияларында, жолды жаппай рұқсатсыз кесіп өту орындарында көлік полициясы желілік бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер өткізіледі. Теміржолшылар теміржолға жақын орналасқан аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», – деп жазылған хабарламада.