16.09.2021, 12:28
Оқиғалар
Қостанайлық жасөспірім саусағынан шықпай қалған сақинаны шешу үшін жедел жәрдем шақырған
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай жағдай биыл бірінші рет болып отырған жоқ
фото: Қостанай облысы ТЖД
14 қыркүйек түн ортасында 16 жастағы қостанайлық жедел жәрдем шақырып, саусағына таққан металл сақина шеше алмай жатқанын айтқан. Жігіттің саусағы ісіп, қызарып кеткен.
Белгілі болғандай, жас жігіт бұл сақинаны күні бойы саусағына тағып жүрген. Кешке қарай саусағы ісіп, ауыра бастаған.
Құтқарушылар 7 минут ішінде жігіттің саусағынан сақинаны шешіп алған. Операциядан кейін зардап шеккен адамға медициналық көмек қажет болмаған.
Құтқарушылардың айтуынша, мұндай жағдай биыл бірінші рет болып отырған жоқ.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады