16.09.2021, 09:33
Оқиғалар
Алматы облысында парашютпен секірген әскери қаза тапты
Бұрын ол 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған
Көрнекі фото
Алматы облысында әскерилердің оқу-жаттығу жиынында аспаннан секірген сарбаздың парашюті ашылмай, ол оқиға орнында қаза тапты. Оқиға 14 қыркүйекте болған деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Марқұм Қарулы Күштердің әскери қызметшісі, әскери шені «капитан», 1990 жылы дүниеге келген. Туыстарының өтініші бойынша өзге ақпарат жария етілмейді.
Бұрын ол 50-ге жуық парашютпен секіруді орындаған. Штаттан тыс парашютті-десант құтқарушылар тобының құрамына кірген. Қайғылы жағдайдың мән-жайы анықталуда.
Еске салайық, былтыр да Маңғыстау облысында дайындық кезінде парашюті ашылмай қалған әскери қызметші ауруханада көз жұмды.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады