$ 514.65  544.6  5.17
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.09.2021, 01:29
Оқиғалар

Түркістан облысында бағбанның 1,5 тонна алмасын ұрлап кеткен

Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр

Түркістан облысында бағбанның 1,5 тонна алмасын ұрлап кеткен

Түркістан полицейлері 1,5 тонна алма ұрлаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, өзіне тиесілі бау-бақшадан белгісіз біреулердің үлкен көлемде алма ұрлап кеткенін айтқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелген.

«Хабар алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы оқиға орнына шығып, тергеу амалдарын жүргізді. Көрген-білгендерден сұрастырып, нәтижесінде күдікті ретінде үш ер азаматты ұстады. Анықталғандай, күдікті үшеу күндізгі уақытта күзетшілердің жоқтығын пайдаланып, қоршаудан секіріп өтіп, баудан 1,5 тоннадан астам алманы жасырын түрде жымқырып кеткен. 

Жалпы келтірілген шығын көлемі 450 мың теңгеге жуық. Жәбірленуші тарапқа ұрланған алмалары қайтарылды. Сонымен қатар ұсталған үш ер азаматтың бұдан басқа да ұрлық жайттарына қатыстылығы анықталуда. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», - делінген хабарламада.

Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері ұрлықтың алдын алу мақсатында ғимараттар мен аулаларға бейнебақылау камераларын орнату керек екенін ескертеді. Сондай-ақ, ауланы мүмкіндігінше жарықтандырып, дабылқаққыш қоюды, бұл өз кезегінде ұрылардың жолын кесетінін еске салады.  
  

Серіктес жаңалықтары