ҰҚК Алматыда қауіпті қылмыскерді ұстады
Қылмыс әлемінің серкесінен жалған 400 мың АҚШ доллары табылды
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 27 маусым күні трансұлттық қылмыстық топ көмекшісінің шетелдік валюта өткізуінің жолын кесу операциясын өкізген.
Қылмыстық ортаның «беделдісі» ұсталып, одан криминалдық айналымға арналған жалған 400 мың АҚШ доллары табылған.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 231-бабы 2-бөлігі («жалған ақша және бағалы қағаздарды өткізу мақсатында жасау, алып өту, сақтау») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көрсетілген бап бойынша күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.
Күдікті айыбын мойындады.
Одан басқа, фигурантқа Ақтөбе қаласында кәсіпкердің автомашинасы мен жер телімін заңсыз иемдену фактісі бойынша өздігінен иелік ету айыбы тағылып отыр.
Алынған деректер бойынша, ұсталған адам Қырғызстан мен Ресейдің «заңдағы ұрылар» аталатындарымен байланыста болған. Фигуранттың «ұрылар қауымдастығы» аталатындарды қаржыландыруға қатысы және өзге де криминалдық схемаларды іске асыру үшін қылмыстық табысты пайдалану ниеті туралы нұсқалар тексерілуде.
Ұйымдасқан қылмыстың экономика саласына енуі оның тұрақты дамуына кедергі келтіріп, көлеңкелі капиталдың артуына ықпал етеді.