14.06.2021, 13:48
Оқиғалар
Шымкент тұрғынының 100 млн теңге тұратын үйін сатып, алдап кеткен алаяқ ұсталды
Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр
Фото: ашық дереккөзден
Шымкентте ірі көлемде несие шығарып беремін деп тұрғынның 100 млн теңге тұратын үйін сатып, алдап кеткен алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 10 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің Б.есімді танысы ірі көлемде несие шығарып беремін деп алдап, өзіне тиесілі құны 100 000 000 теңге тұратын үйін несие шығарып бермей, үшінші тұлғаға рәсімдеп жібергенін жазып көрсеткен.
Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 07:47
Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: 24 тамызға ауа райы болжамы
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)
24.08.2026, 10:26
Павлодарда жол апатынан кейін ер адам көлік салонында қысылып қалды