ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

СҚО-да иісшіл иттердің көмегімен 15 келі есірткі тәркіленді

Оның басым бөлігі - марихуана, сондай-ақ гашиш пен синтетикалық есірткі

Солтүстік Қазақстан Полиция департаментінің кинология қызметінде 52 ит бар. Төрт аяқтылар тәртіп сақшыларына талай қылмысты ашуға қолғабыс етіп жүр. Жыл басынан иттердің көмегімен заңсыз айналымнан 15 келіден астам есірткі тәркіленген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Есірткі заттарын, жарылғыш заттарды іздеу, ізбен жұмыс істеу – иттер бұл мақсатқа кеңінен қолданылады. Орталықтағы ең жас ит – Роби лақап атты бельгия овчаркасы, ол есірткі заттарын іздеуге үйретілген. Бәрінен тәжірибесі мол Злата лақап атты неміс овкаркасы - 9 жаста, ол да есірткілерді іздеу бойынша жұмыс істейді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, төрт айда қызметтік-іздестіру иттері жедел-тергеу топтарының құрамында 300 рет жұмыс істеген. Олардың қатысуымен 224 қылмыс ашылды, басым бөлігі ұрлық. Есірткі заттарын іздеу бойынша қызметтік иттер 24 рет қолданылды, 6 қылмыс ашылды. 15 келіден аса есірткі заттары тәркіленді, оның басым бөлігі - марихуана, сондай-ақ гашиш пен синтетикалық есірткі. 

Жуырда қызметтік-іздестіру иттерін қолданудың тағы бір мысалы  - 19 жастағы жігіт облыс орталығында жалған алған пәтерде тінту жүргізуі. Полицейлер сол пәтерден «тұз» атауымен белгілі, әсері аса күшті синтетикалық психобелсенді заттардың бірі «альфа-PvP» 341 гр. тәркілеген. Бүгінгі таңда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 «Орталықтың жұмысындағы негізгі басымдылық – үнемі өз білімдерін жетілдіру, ауа райының кез келген жағдайында: адамдар көп жиналатын жерлерде, шектелген аумақта, қала сыртында иттерді жұмысқа үйрету. Табысты жұмыс ісьеу үшін бастысы полиция қызметкері мен оның төрт аяқты көмекшісі арасында көзге көріне бермейтін байланыс болуы шарт», - дейді Кинологиялық қызмет орталығының бастығы Марат Төлебаев. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО