ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2443 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Павлодарда әскерден қашып кеткен жігіттің аяғына ота жасалады

Әскерге барғысы келмеген екі жігіт әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп кеткен

Фото: ашық дереккөзден

Мамандар жас жігіттің жағдайын тұрақты деп бағалайды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Мұхамедкәрім Құлниязовқа ота жасау қажет.

«Оның диагнозы - сол  жақ асық сүйегінің жабық ұсақталған сынуы, омыртқаның қысылған сынуы, - дейді басқармада. -  Асық сүйегіне кейінірек операция жасалады. Науқастың жағдайы тұрақты. Қазір ол Павлодар қаласының №1 қалалық ауруханасының политравма бөлімінде емделуде», - деді дәрігер.

Еске сала кетейік, 2021 жылы 2 мамырда әскери міндетін өтеуге шақырылуға жататын Павлодар қаласының тұрғындары 23 жастағы Мұхамедкәрім Құлниязов пен 20 жастағы Рүстем Назымбеков облыстық әскери комиссариаттың үшінші қабатынан секіріп, рұқсатсыз кетіп қалған. Олардың бірі № 1 қалалық ауруханаға түсті.