ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Қостанайда ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Қылмыстық топтағы күдіктілер 8 адамнан тұрады

Қостанайлық полицейлер ірі көлемде есірткі саудасымен айналысқан күдіктілерді ұстады. Күдіктілерде жалпы салмағы 10 келіден астам гашиш пен марихуана болды. Бұл туралы Қостанай облысы полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов хабарлады.

«Есірткі сатушыларды ұстау операциясы еліміздің түрлі өңірлерінде өтті. Қостанайлық полицейлердің 7 тобы жұмыс істеді. Қылмыстық топ 8 адамнан тұрды, олар Қостанай облысының және Қазақстан аумағында есірткі құралдарын өткізумен айналысты. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынды», - деп жазды Бекет Аймағамбетов.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері есірткіге байланысты 127 қылмыс пен құқық бұзушылықты анықтады. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 13 келіден асады.