Польшада қазақстандық студентті атып өлтірген экс-полицей 25 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Қайғылы оқиға 1 қараша күні Ополе Любельское қаласында болған
3 қарашада Польшада белгісіз біреу 16 жастағы қазақстандықты атып өлтіргені жайлы хабарлама тарады. Қайғылы оқиға Польшаның Ополе Любельское қаласында болған. Арада бірнеше күн өткен соң Қазақстанның Варшавадағы елшілігі Польшадағы қазақстандық студенттің қайғылы қазасына қатысты тергеуді ерекше бақылауда ұстайтынын жеткізіп, Польша билігіне барынша мұқият тергеу жүргізуді және барлық кінәлілерді жазалау туралы өтініш білдірді.
6 қарашада жергілікті dziennikwschodni.pl порталы қайғылы оқиғаға байланысты жаңа деректерді жариялады. Басылымның хабарлауынша, қайғылы оқиға 1 қарашада Клучковицадағы интернат маңындағы білім беру мекемесінен 200 метрдей жерде орналасқан мектеп бақшасына барған кезде болған.
Осы оқиғадан кейін бір күн өткен соң, отставкадағы полицей, 51 жастағы Дариуш Ч. ұсталды. Сондай-ақ, оның 41 жастағы досы, шіркеу қызметкері және ерікті өрт сөндіруші ұсталған. Бұрынғы полицей үш айға қамауға алынды.
Бүгін Agropolska.pl агенттігі қазақстандықты атып өлтірген экс-полицей өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, 51 жастағы күдіктіде бұрын Польшада тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға берілетін «көк карта» болғаны анықталған. Сондай-ақ, офицер алкогольге байланысты полиция қызметінен босатылған екен.
Экс-полицей өмір бойына немесе 25 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.