02.10.2020, 17:16
Оқиғалар
Елордада интимдік қызмет көрсеткен 14 қыз полицияға жеткізілді
Заңсыз жұмыс істеген 2 салон қызметін тоқтатты
Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізген рейд барысында интимдік және боди массаж қызметін көрсеткен тұлғалар анықталды.
Шара барысында елордадағы «Резидент» және «Thai Boss» коттедждерінде интимдік және боди массаж қызметі ұсынылғаны анықталды. Осылайша, полицияға 14 қыз бен 1 салон әкімшісі жеткізілді.
Ұсталған қыздардың барлығы елордаға ақша табу үшін Қазақстанның басқа өңірлерінен келген. Полицияға жеткізілгендердің барлығы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша жауапқа тартылды. Заңсыз жұмыс істеген салондар қызметін тоқтатты.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды