$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.09.2020, 13:31
Оқиғалар

Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген 41 жүргізуші жауапқа тартылды

Көліктер арнайы айыптұраққа орналастырылды

Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген 41 жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодар облысында жалған нөмірмен жүрген 41 жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Павлодар полициясы жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгілері бар және оларды өзгертуге мүмкіндік беретін құрылғылармен және материалдармен жабдықталған автокөліктерді басқаратын 41 жүргізушіні анықтады.

«Павлодар қаласында патрульдеу кезінде Қамзин – Ломов көшелерінің қиылысында Павлодар қалалық Полиция басқармасы патрульдік полициясының қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген «Mercedes-Benz» көлігін тоқтатты. 30 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 590-бабының 4-бөлігі бойынша (Көлік құралын біле тұра жалған немесе жалған мемлекеттік тіркеу белгілерімен (белгісімен) жүргізу, сондай-ақ құрылғыларды және мемлекеттік тіркеу белгілерін (белгісін) сәйкестендіруге кедергі келтіретін немесе оларды өзгертуге немесе жасыруға мүмкіндік беретін материалдар) әкімшілік хаттама толтырылды. Материал сотқа жіберілді», - делінген хабарламада.  

Тәртіп сақшылары мемлекеттік нөмірлік белгілерді алып қойды. Көлік арнайы айыптұраққа орналастырылды.

Серіктес жаңалықтары