13.08.2020, 17:54
Оқиғалар
Павлодарда интим-массаж жасаумен айналысқан қыздар ұсталды
Олар әкімшілік жауапқа тартылады
Павлодарлық полицейлер массаж жасаймыз деп интимдік қызмет көрсеткен екі қызды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тәртіп сақшыларының назары интернет арқылы клиент іздеген массаж шеберлеріне ауған. Оларды тексеру кезінде қыздардың интим-массажын жасаумен айналысатыны анықталды.
«Олар интернетте өз қызметінің бағасын көрсетіп, клиент іздеген. Қызметінің 1 сағатын 25 мың теңге деп бағалапты. Ұсталғандардың бірі ШҚО тумасы (30 жаста) болса, екіншісі Алматыдан келген 31 жастағы әйел», - деді облыстық криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Денис Лоскутов.
Массаж шеберлеріне қатысты заңнама талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 449 және 492-баптары бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Көп оқылған
22.10.2026, 17:03
«Жауыма да тілемеймін»: Дана Нұржігіттің ұлы өгей әкесінен көрген қорлығы жайлы айтты (ВИДЕО)
22.10.2026, 12:01
Жүздеген ақбөкенді өлтіріп, мүйізін Қытайға сатпақ болған: ҰҚК сұмдық мәліметті жария етті
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды