Астанада фитнес-орталықтан өрт шықты: ондаған адам қою түтіннің ортасында қалды

Фитнес-орталықтың жертөлесінде күштік кабель тұтанған

Астанада фитнес-орталықтан өрт шықты: ондаған адам қою түтіннің ортасында қалды
Фото: ҚР ТЖМ

Астана қаласының Қ. Сәтбаев көшесінде орналасқан екі қабатты фитнес-орталықтан өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, ғимараттың жертөлесінде күштік кабель тұтанған.

Апат орнына ТЖМ бөлімшелері жылдам жетті. Олар жеткенде жертөленің іші қою түтінге толып қалған.

«Ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін газ-түтіннен қорғау қызметінің мамандары 20 адамды эвакуациялады», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Құтқарушылар кәсібилігінің арқасында жертөледен шыққан өртті жылдам сөндіріп, ары қарай таралуының алдын алды.Зардап шеккендер жоқ.