Екі адамды қақты: Астанада Lada жүргізушісі қасындағы көлікті басып озамын деп тротуарға шығып кетті (ВИДЕО)

Оқиға Потанин көшесінде болғаны хабарланды

Екі адамды қақты: Астанада Lada жүргізушісі қасындағы көлікті басып озамын деп тротуарға шығып кетті (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скрин

Астанада 19 қазан күні кешкі уақытта Lada жүргізушісі қасынан өтіп бара жатқан көлікті басып озамын деп тротуарға шығып кетіп, екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апатын өрескел бұзған жүргізуші тротуарға шығып кеткеннен кейін жолында тұрған темір қоршауды бұзып өткен.

Полиция қызметкерлері Lada иесінің Потанин көшесімен кетіп бара жатып, қатарлас көліктің қозғалысын дұрыс ескермеген.

«Lada көлігі соқтығыспас үшін тротуарға шығып кетіп, темір қоршауды бұзып өткен соң екі адамды қағып кеткен», – деп хабарлайды Полиция департаменті.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін көлік қаққан екі адамды үйіне жіберген. Ал автокөлік айыптұрағына қойылды. Оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.