Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді

Олар халықаралық интернет алаяқтық схемасына қатысты болған

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық жасаған 13 қытайлықты елден шығарып жіберді
Фото: ҰҚК

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес жүргізе отырып, ел аумағында заңсыз жүрген 13 Қытай азаматын ұстады. Арнайы тексеру кезінде олардың халықаралық интернет-алаяқтық схемасына қатысы бары анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінің мәліметінше, одардан біраз компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет жабдықтарының жиынтығы және криптоәмияндарда сақталған ірі көлемдегі қаражат табылған.

«Олар өзге елдердің азаматтарына қарсы алаяқтық жасаған және жұмыстарнын шетелден үйлестіріп отырған. Осыған байланысты Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп одан әрі тексеру жүргіземіз. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды», –  деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.

Олар әкімшілік тәртіппен Қазақстан аумағынан шықты және істері одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-дың уәкілетті органдарының қолына өтті.