$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.07.2020, 09:41
Оқиғалар

Атбасар ауданында бір үйдің үш баласы өрттен қайтыс болды

Өрт шыққан үйде көпбалалы отбасы тұрып жатқан

Атбасар ауданында бір үйдің үш баласы өрттен қайтыс болды
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Атбасар ауданының Хрущевка селосында жер үйден өрт шығып, үш бірдей бала ажал құшты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Таңғы 5.19-да өрт шыққаны туралы Атбасар аудандық өрт сөндіру бөліміне хабарлама түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше, қызыл жалын 100 шаршы метрді шарпып үлгерген.

«40 және 41 жастағы ата-ана мен олардың 16 және 8 жастағы балалары үйдің терезесін бұзып шығып үлгерген. Өрт сөндіру кезінде үйдің төбесі құлап түскен. Таңғы сағат 6.40-та өрт ауыздықталып, 8.25 болғанда толықтай сөндірілді. Өкінішке қарай,  15, 13 және 12 жастағы балаларды құтқарып қалу мүмкін болмаған. Өрт сөндірушілер олардың тек мәйіттерін алып шықты», - деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Қанат Доспаев.

Өртті сөндіруге барлығы 12 жеке құрамның сарбаздары мен 2 өрт сөндіру техникасы, ерікті өрт сөндіру құрылымдарының 3 техникасы және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылған. Қазір оқиға орнына аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Өрттың шығу себептері анықталып жатыр. Көкшетау қаласына өрт зертханасына сынамалар жіберілді.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#өрт #бала өлімі