«Бетін күйік шалған»: Павлодарда банк бөлімшесін жарып жіберген зейнеткерлер 80 жасқа таяған қариялар болып шықты (ВИДЕО)
Дәрігерлер оларды тексеріп, үйіне қайтарған
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Павлодарда екі қария алаяқтарға алданып, олардың нұсқауы бойынша торттың ішіне петарда салып әкеліп, банк бөлімшесін жарып жібермек болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы біздің агенттігімізге зейнеткерлердің жасы мен денсаулығы туралы ақпарат берді.
«Павлодар облыстық ауруханасына 1951 жылы туған әйел мен 1948 жылы туған ер адам түскен. Әйел адамның оң қолы мен иығы жараланған. Беті, мойны және екі алақанын да күйік шалған. Көзін жалын шарпыған. Дәрігерлер әйелді қарап, оны үйіне босатты», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Ер адамның да екі көзін жеңіл дәрежеде күйік шалған. Дәрігерлер оны да үйіне қайтарды.
Бұл оқиғаның қашан және қалай болғанын мына материалдан оқи аласыздар.