Астана мен Алматы тұрғындары шілдеден бастап Балқашқа тікелей ұшып бара алады

Сондай-ақ Қарағанды – Балқаш пойызына қосымша вагондар қосылған 

Астана мен Алматы тұрғындары шілдеден бастап Балқашқа тікелей ұшып бара алады
Фото: pixabay

Балқаш әуежайын кешенді реконструкциялау жұмыстары аяқталды. 1 маусымнан бастап Астана және Алматы бағыттары бойынша тұрақты әуе рейстері ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сондай-ақ алты вагоннан тұратын қосымша Қарағанды – Балқаш пойызы қатынай бастады.

«Облыстың туристік саласын дамытудың басым бағыттарының бірі – Балқаш курорттық аймағы. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға және туристер үшін қауіпсіз жағдай жасауға шамамен 9 миллиард теңге бөлінді. Тораңғалық туристік кентіне дейін топтық магистральдық су құбырын салу жұмыстары жалғасуда. Балқаш қаласының жағажайындағы жағалау аймағы абаттандырылды. Сонымен қатар туристік бағыттарда байланыс сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде», - деді Қарағанды облсының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.

Қазіргі уақытта Балқаш өңірінің аумағында 145 базалық станция жұмыс істейді. Маусым айының соңына дейін қосымша 5 антенналық қондырғыны іске қосу жоспарланып отыр.