$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.07.2020, 17:54
Оқиғалар

Алматы облысында ірі көлемде ұрлық жасаған тәжікстандық азамат ұсталды

Ол 1 млн теңгеден астам қаржыны қажетіне жаратып үлгерген

Алматы облысында ірі көлемде ұрлық жасаған тәжікстандық азамат ұсталды
фото: polisia.kz

Алматы облысының полицейлері бір миллионнан астам теңге және бағалы заттарды ұрлап, Тәжікстанға оралып, ізін суытып үлгерген азаматты тұтқындады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

2019 жылғы наурыз айында Қарасай ауданының 37 жастағы тұрғыны аудандық полиция басқармасына 1 миллион теңгеден астам ақшасы мен жеке заттарының ұрланғаны туралы арызданған. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелгеннен кейін, полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, кілт таңдау арқылы күдіктінің пәтерге кіргенін анықтады. Сол пәтерді жалдап тұрған 29 жастағы Тәжікстан азаматы тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Ол дереу оқиға орнынан ізі суытқан.

«Алайда, кашқын ұсталды. Күдікті бір миллион теңге мен қалған мүліктерді ұрлағанын мойындады. Оның айтуынша, ол қылмыс жасағаннан кейін Тәжікстанға барып, ұрлаған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Жақында Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жалданып жұмыс істей бастаған және сол жерде қолға түсті», - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты тергеу амалдары аяқталуға жақын. Ол бұл әрекетін «Ұрлық ұмытылған шығар деп ойладым, сондықтан табыс табу мақсатында қайта оралдым» деп түсіндірген. 

Серіктес жаңалықтары