$ 506.7  593.14  6.53
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тоңғаннан ерніміз көгеріп кетті»: Астанада студенттер сырт киімін шешпей оқуға мәжбүр болған (ФОТО)

Корпустың төрт қабатындағы кабинеттер жылынбай қалған

«Тоңғаннан ерніміз көгеріп кетті»: Астанада студенттер сырт киімін шешпей оқуға мәжбүр болған (ФОТО)
Фото: скриншот

Астанадағы Astana International University оқу орнының студенттері анонимді түрде арыз жазып, тастай суық кабинеттерде білім алуға мәжбүр екенін жазған. Университеттің баспасөз қызметі Azattyq Rýhy редакциясына мәселені түсіндірді. 

Айта кетейік, аноним хат жазған студенттер аудитория ішінде курткаларын киіп отырған суреттерін жариялаған.

«AIU университетінің алтыншы корпусында сабақ оқу мүмкін емес, аудиториялардың іші тастай суық. Сырт киімді шешпей отырсақ та қолымыз үсіп, ерніміз көгеріп кетті. Әкімшілікке шағымдандық, бірақ әкімшілік те, деканат та үндемейді. Бізге «сендер екі апта демалыста болғанда, корпус қаңырап, суып қалды, енді жылынады» дейді. Бірақ, бұл да өтірік, өйткені, біз сессияны осы курткамызды киіп жүріп тапсырдық», - дейді студенттер.

Университет алтыншы корпус түгелдей суық емес, тек ортаңғы төрт қабатында ақау бар дейді.

«Жылу жүйесіндегі бір циркуляциялық сорғы істен шықты. Сондықтан, 6-корпустың 2-6 қабаттары суып кетті. Қазіргі температура 15-16°C, бірақ ереже бойынша 18°C жылы болу керек», - деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметі.

Университет сорғыны ертең жөндейді және сол күні студенттер онлайн оқиды.