07.07.2020, 12:45
Оқиғалар
Қостанай облысында балық аулап жүрген тұрғын суға батып кетті
Қайықта екі адам болған
Қостанай облысының құтқарушылары Жарқайын көлінен 1969 жылғы ер азаматтың денесін алып шықты, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Оқиға 27 маусымда Ұзынкөл ауданы Речное ауылынан 5 шақырым қашықтықта болған. Алайда, осы уақытқа дейін марқұмның денесі табылмай келген. Құтқарушылардың айтуынша, аударылған қайықта екі адам болған. Екіншісі өздігімен жағаға дейін жүзіп шығыпты.
Марқұмның денесін іздеу жұмыстары бір аптадан астам уақытқа созылды. ТЖД мамандары 5 шілдеде мәйітті су астынан тауып, құқық қорғаушыларға тапсырды. Іздеу жұмыстарына 8 маман мен 2 техника жұмылдырылды.
Көп оқылған
30.05.2026, 11:28
Алматылық блогер есімін «Барселона» деп өзгертті
30.05.2026, 10:00
Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
30.05.2026, 10:39
Алматы тауларында адасып кеткен шетелдік студент құтқарылды