19.01.2026, 17:22
Оқиғалар
Қосшыда биші әйелге күш көрсеткен ер адамның ісін полиция қарап жатыр
Қазір мән-жай анықталуда
Фото: скриншот
Қосшы қаласындағы мейрамханада биші әйелге шабуыл жасаған ер адамның әрекетін полиция қарап жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұған дейін ер адамның той үстінде биші әйелге күш көрсеткен видеосы тараған еді.
«Факт тіркелді, қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді полиция баспасөз қызметінен.
Әлеуметтік желіде кадрларда ер адамның әйелді қолынан ұстап, дөрекі түрде есіктен шығарып жібергені көрінеді. Жәбірленуші арызданғанын мәлімдеген.
Ол өзінің жалғызбасты ана екенін, осы кәсібі арқылы үш баласын асырап отырғанын айтты. Бишінің сөзінше, мас ер адам оны билеп тұрған жерінде қолынан ұстап алып, жұлқылап, өміріне қауіп төндірген.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
04.09.2026, 11:20
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жұбайын пышақтап өлтірген: 54-тегі әйел ауруханада жан тапсырды