07.07.2020, 11:31
Оқиғалар
Қазақстанда 28 мың адам пневмония диагнозымен стационарда жатыр
Оның ішінде 330 адамның жағдайы ауыр
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстан бойынша дәл қазір 28 мың адам пневмониямен ауырып жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы мәлім етті.
Бірақ, осы 28 мың адамнан коронавирус инфекциясы табылмаған.
«Бізден пневмония статистикасы туралы жиі сұрайды. Бүгін ел бойынша станционарларда ПТР нәтижесі теріс пневмониямен 28 мың пациент ем алуда. Олардың 98,9%-ның жағдайы орташа ауыр деп бағаланады. 330 адамның жағдайы ауыр», - деп мәлім етті ол.
Бұдан өзге, елде қауіпті вируспен және тұмаудың әр түрімен ауырып жатқан 4 мыңнан астам адам тіркелген. Естеріңізге сала кетейік, биыл маусым айында Қазақстанда 600-ден астам адам осы пнемония, яғни, өкпенің қабынуынан көз жұмды.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан
Көп оқылған
20.10.2026, 14:03
Балаларынан қол үзбей, несиесін өзі төлеген: Жауғаштыда түрмеде жатқан әйел бостандыққа шықты (ВИДЕО)
20.10.2026, 12:48
Миына қан құйылған: Ким Чен Ынның өліміне қатысты сыбыс тарады
20.10.2026, 15:25
Екі айға қамалған: Жамбыл облысында есірткімен ұсталған ресейлік рэпер бір апта өтпей босап шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды