$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қылмыстық топ Қарағандыдағы жетім балаларды бопсалап, жәрдемақыларын иемденіп жүрген (ВИДЕО)

Жалпы, жарты жылдан бері олар 10 млн теңге бопсалаған

Қарағанды облысының полициясы жетім балаларды бопсалап, оларға микронесие алдырған қылмыстық топтың мүшелерін қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, күдіктілер 8 қаңтарда қолға түскен.

«8 қаңтарда Қарағанды қаласында полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері прокуратурамен бірлесе отырып, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға арналған арнайы мемлекеттік төлемдерден ақша бопсалауға қатысы бар ұйымдасқан топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Жедел іс-шаралар қаладағы балаларға арналған мекемелердің біріндегі балалар осы топтың құрбаны болғаны анықталды», - дейді Қуандық Алпыс.

Күдіктілер жетім балаларды жарты жыл бойы бопсалағаны, сондай-ақ, оларды қорқытып, аттарына микронесие алдырғаны анықталған.

«Соңғы жарты жыл ішінде күдіктілер алдау, қорқыту және физикалық күш қолдану арқылы бірнеше жәбірленушіден жалпы сомасы 10 миллион теңгеден астам ақша алып алған. Оларды арнайы шоттардан ақша шешуге, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарында несие рәсімдеуге мәжбүрлеген», - деп хабарлайды ІІМ.

Полиция күдіктілердің үйін тінте келе қару мен оқ-дәрі тапқан. Күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары