$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да жер үй өртеніп, әкесі мен екі баласы тірідей жанып кеткен: бір бүлдіршіннің денесі әлі табылған жоқ

Тағы бір бала әлі табылған жоқ

СҚО-да жер үй өртеніп, әкесі мен екі баласы тірідей жанып кеткен: бір бүлдіршіннің денесі әлі табылған жоқ
Фото: freepik.com

Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданында жер үйден өрт шығып, салдарынан әкесі мен баласы қаза тапты. Құтқарушылар тағы бір баланы іздеп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпаратынша, қайғылы оқиға 11 қаңтар кешке болған. Мағжан Жұмабаев ауданының Майбалық ауылында жер үй өртенген.

«Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үй толықтай отқа оранып, толық қирағаны анықталды. Үй иесінің айтуынша, өрт болған сәтте үйде оның жұбайы және кәмелетке толмаған екі бала болған. Өртті сөндіру және үйінділерді бөлшектеу барысында құтқарушылар ер адам мен бір баланың мәйітін тапты. Екіншісін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр», - делінген хабарламада.

Қазір оқиға орнында департамент басшылығы жұмыс істеп жатыр, ТЖД психологтары үй иесіне қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Тілсіз жау 64 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 24 қызметкер мен 6 техника, сондай-ақ «Агрофирма» ЖШС-нің ерікті өртке қарсы құрылымы қатысты, деп атап өтті ведомство.

ТЖМ азаматтарды пеш жағу, электр және газ жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #өрт #отбасы