Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты – Тоқаев
Мемлекет басшысы әскерде темірдей тәртіп болуын ескертті
Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Сарбаздың қауіпсіздігі үшін армия басшылығы тікелей жауапты, деді президент Қазақстан халқына жолдауында, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы – айрықша маңызды міндет. Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.
Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты», - деді Тоқаев.