$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Буллинг» түсінігі Балаларды қорғау туралы заң жобасына енгізілмек

Мұндай түсінік заңнамалық деңгейде алғаш рет енгізіліп отыр

«Буллинг» түсінігі Балаларды қорғау туралы заң жобасына енгізілмек
Фото: Inform.kz

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңға, «Баланы жәбірлеу» (буллинг) түсінігі енгізіледі. Бұл туралы Сенаттың бүгінгі жалпы отырысында мәлім болды. 

Мұндай түсінік мектеп оқушылары арасында өткізілген әлеуметтік сұраулардың нәтижесінде заңнамалық деңгейде алғаш рет енгізіліп отыр және кәмелетке толмағандардың ортасында зорлық-зомбылық, кемсіту, қысым көрсетудің алдын алудың, ересектердің балаға қарым-қатынасының маңызды тармағы саналады. 

«Заң жобасы арқылы балаға ғаламтор кеңістігінде жасалған кибербуллинг деректерін қарау мәселесі бойынша арыз тәртібі де қарастырылады. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн, яғни балаға физикалық және (немесе) психикалық күш көрсетуден, адамның қадір-қасиетіне қатыгездікпен, дөрекілікпен қараудан, оны қорлаудан қорғаумен қатар, енді «Баланы буллингтен» қорғау құқығы бекітіледі», - деді сенатор Ләззат Сұлеймен өз баяндамасында.

Білім беру саласындағы уәкілетті органға психологиялық қызметтердің жұмыс ережесін, баланы қудалаудың (буллингтің) алдын алу қағидаларын әзірлеу мен бекіту бойынша құзыреттілік беру көзделіп отыр. Бұған дейін бұл өкілеттілік жергілікті атқарушы органдарда болды.

«Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтарына үш жастан 18 жасқа дейінгі қараусыз, қорғансыз қалған балалар уақытша орналастырылады. Осыған дейін бұл орталықтарда баланың ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтау ғана қажет болса, енді  оларға осы балаларды беру турасындағы қызметі нақтыланып отыр», - деп нақтылады Ләззат Сүлеймен.

Серіктес жаңалықтары