15.10.2021, 13:53
Үкімет
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі тағайындалды
Ол 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген
ҚР Үкіметінің Қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды
Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист.
- 1994-1996 жж. — қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.
- 1997-1998 жж. — Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.
- Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді.
- 1998-1999 жж. — Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.
- 1999-2000 жж. — Жамбыл облыстық инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.
- 2000 ж. — «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.
- 2000-2005 жж. — «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.
- 2005-2010 жж. — Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.
- 2010-2014 жж. — Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
- 2014-2016 жж. — Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.
- 2016-2018 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
- 2018-2019 жж. — Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
- 2019-2021 жж. — ҚР Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін ҚР Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.
Көп оқылған
03.03.2026, 16:38
Атырау тұрғыны күйеуіне димедрол беріп ұйықтатып, оны өлтіріп, артынан денесін ауласына көміп тастаған (ВИДЕО)
03.03.2026, 16:56
«Тағы бір әйел көз жұмды»: Щучьедегі жарылыстан қаза тапқандардың саны тоғыз адамға жетті
03.03.2026, 10:40
«Басынан ұрған, матаға орап талдырған»: Астана мен Алматыдағы жекеменшік орталықтың мамандары ерекше балаларды қинаған
03.03.2026, 14:00
Қазақстанда 34 елді мекен су басу қаупі бар аймаққа енді - үкімет
Редактордың таңдауы
27.02.2026, 10:00
Түркістанда 61 жастағы тұрғынның қуығынан 80 тас шыққан (ФОТО)