Мәжілісте бала құқығын қорғау туралы заң жобасы қаралады

Депутаттар жалпы отырыстың күн тәртібін бекітті

Мәжілісте бала құқығын қорғау туралы заң жобасы қаралады
Фото: ашық дереккөзден

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин төрағалығымен палата бюросының отырысы өтті. Депутаттар жалпы отырыстың күн тәртібін бекітті.

Бюро отырысында бала құқығын қорғау мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарау ұсынылды. Осы құжат депутаттар бастамасымен әзірленіп отыр.

«Заң жобасы балалар мүддесі үшін заңнаманы жетілдіруді көздейді. Сондай-ақ, БҰҰ Бала құқығы жөніндегі комитет ұсынымын іске асыру мақсатында әзірленді. «Балаға мейірімді Қазақстан» атты екі халықаралық конференция қорытындысы бойынша дайындалған ұсынымдар ескерілді», - делінген ресми хабарламада.

Осы құжат аясында қылмыстық, әкімшілік құқықбұзушылық туралы және еңбек кодексіне, сондай-ақ, тағы бірқатар заң жобасына түзетулер енгізу ұсынылады.

Бұдан бөлек, алдағы жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттікті қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарау ұсынылды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.