$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.09.2021, 10:21
Үкімет

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері айтылды

Қазақстандағы зейнеткерлердің саны - 2,2 млн

Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері айтылды
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Биыл қаңтар - тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 236, 7 млрд теңге бағытталды.

2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8  млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,7 млрд теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мың адамды құрайды.

Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99 857 теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Серіктес жаңалықтары