Мағзұм Мырзағалиев Энергетика министрі болып тағайындалды
Ол кезінде ҚР энергетика вице-министрі лауазымын атқарған
Мемлекет басшысының жарлығымен Энергетика министрі лауазымына Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды.
Мағзұм Мырзағалиев 1978 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы «Тұран» университетін экономист мамандығы бойынша, 2003 жылы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын халықаралық қатынастар экономисті мамандығы бойынша тәмамдаған.
2000-2001 жылдары — Ақмола облыстық орман басқармасының қаржы және экономикалық талдау бөлімінің бас маманы.
2001-2002 жылдары — MI Drilling Fluids International Атырау бөлімшесінің техника қауіпсіздігі менеджері.
2002-2004 жылдары — Хьюстон (АҚШ) және Куала-Лумпур (Малайзия) қалаларының тағылымгері. 2004-2007 жылдары — «MI Drilling Fluids International» Ақтау бөлімшесінің өндіріс бойынша менеджері.
2007-2010 жылдары — «ТеңізСервис» ЖШС бас директоры.
2010-2012 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар жөніндегі басқарушы директоры.
2012-2013 жылдары — «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сервистік жобалар мен инновациялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары.
2013 жылдың қазанынан бастап – ҚР мұнай және газ вице-министрі, 2014 жылдың тамызынан бастап – ҚР энергетика вице-министрі болды.
2019 жылдан бастап бастап бүгінге дейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып қызмет атқарды.
Еске салайық, бұған дейін Энергетика министрі лауазымын атқарған Нұрлан Ноғаев 7 қыркүйекте Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.