ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы тағайындалды

Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген

Қуат Борашев, фото: primeminister.kz

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Қуат Қахарманұлы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — журналист.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған.

1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.

1994-1995 жылдары — орта мектеп мұғалімі. 1995-1997 жылдары — «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.

1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында — «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.

1997-2000 жылдары — «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.

2000-2003 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.

2003-2005 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.

2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.

2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.

2006-2007 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы.

2007-2012 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2012-2013 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

2017 ж. маусым-қараша аралығында — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.

2017-2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.

Еске салайық, 14 сәуірде Мәдениет және спорт министрлігінде екі комитет құрылды: Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті және Мәдениет комитеті.