$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.05.2021, 16:12
Үкімет

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері - 100 мың теңге

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 894 млрд-тан астам теңгеге зейнетақы төленді

Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері - 100 мың теңге
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

2021 жылдың қаңтар - сәуір айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 274,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 620,1 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі баспасөз қызметінен хабарланды. 

Сәуір айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 223,2 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 154,8 млрд теңге бөлінді.

Соңғы мәлімет бойынша, елімізде зейнеткерлер саны 2 млн 245 мың адамды құрайды. 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 100 мың теңгені құрады.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Зейнетақы